Маңғыстау облысында мұнайшыны өлтірген деп күдіктелген ұсталды

размер шрифта: Aa | Aa
02.11.2011 15:44

Денесі Маңғыстау облысының Кеңқияқ ауданында 3 тамызда табылған «Мұнайфильдсервис» ЖШС бұрғылаушысы Жақсылық Тұрбаевты өлтірген деп күдіктелген азамат ұсталды, деп сәрсенбі күні агенттікке облыстық ІІД-нен хабарлады.

«Бірнеше полиция бөлімшелерінің жүргізген оперативтік-іздестіру шаралары барысында Е. деген азамат ұсталды», - делінген хабарда. Ол қазір тергеу абақтысына жатқызылып, сот сараптамасы тағайындалды, деді ІІД-нен.

Еске салсақ, «Мұнайфильдсервис» ЖШС бұрғылаушысы 28 жасар Жақсылық Тұрбаевтың денесі 3 тамызда № 83 КРС НГДУ-1 қондырғысының маңынан табылған.

Ақпарат бойынша шүйдесінен соққы алған бұрғышының денесі шешініп-киіну ретінде пайдаланылатын вагон алдында табылған. Сараптама бойынша ол шүйдесінен алған жарақаттан қаза болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл ретте Маңғыстау облысының ереуілдеп жатқан мұнайшыларының айтуынша, қаза болған жігіт «идея үшін зардап шеккен».

«Жақсылық белсенді түрде ереуілдеушілерді қолдады. Оны өлтіретін күні олар «Мұнайфильдсервис» ЖШС-тің жаңа кәсіподақ басшысын сайлаулары тиіс тұғын. Бұрынғы кәсіподақ басшысы билікпен ауыз жаласқандығы үшін оларды қанағаттандырмаған. Бірақ Жақсылықты бастықтардың бірі шақыртып алды, кейін бұрғышы басы жарылған күйде табылды», - деп жазды БАҚ.

Өлтірілген азаматтың әкесі Еламан Тұрбаев та өзінің ұлын идея үшін өлтірген деген болжамды ұстанды. Оның айтуынша, алдын ала тергеу барысында «Мұнайфильдсервис» ЖШС-тің бір директоры қамауға алынды.

Ақтау. 2 қараша. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту