Елімізде мұнай өнімдері бойынша техникалық регламентті бұзған кәсіпорындарға 7 миллионға жуық айыппұл салынды

размер шрифта: Aa | Aa
03.11.2011 11:36
Елімізде мұнай өнімдері бойынша техникалық регламентті бұзған кәсіпорындарға 7 миллионға жуық айыппұл салынды.

Бұл туралы бүгін 9 айдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, 9 айда республика бойынша мұнай өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпорындарға 261 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 173 бұзушылық анықталған.  «Мұнай өнімдерін техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптарын бұзған кінәлі тұлғаларға қатысты жалпы сомасы 6 миллион 785 мың теңге болатын әкімшілік жаза шарасы қабылданды», - деді ол.

Р.Сәтбаевтың айтуынша, аталған тексерудің қорытындысы бойынша сәйкестік сертификаты, маркировкасы жоқ, техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін жалпы сомасы 413 млн. 435 мың теңгені құрайтын 317 партия өнім сатылуға тыйым салынған. «Негізгі бұзушылықтар октанды бензиндерге қатысты болып отыр», - деді комитет төрағасы.

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту