«ҚазМұнайГаз» кубогы үшін шағын теннистен республикалық балалар турнирі өтеді

размер шрифта: Aa | Aa
02.11.2011 11:38
 5 қарашада «ҚазМұнайГаз» кубогы үшін шағын теннистен республикалық балалар турнирінің ашылуы өтеді, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы және Қазақстанның теннис федерациясы сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай өткізіліп отырған «ҚазМұнайГаз» кубогы үшін шағын теннистен республикалық балалар турнирінің ашылу рәсіміне шақырады», - делінген хабарламада.

Турнир Қазақстанда бұқаралық балалар спортын дамыту және балалар мен жасөспірімдер теннисін көпшілікке дәріптеу аясында өткізілмек.

Турнирдің ашылуына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Болат Ақшолақов, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Әділ Бүрлібаев, Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Олег Огай қатысады деп күтілүде.

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту