Елімізде «Кескіндемелік магистраль» деп аталатын ерекше байқау жарияланды

размер шрифта: Aa | Aa
09.11.2011 11:35

Елімізде «Кескіндемелік магистраль» деп аталатын жалпыұлттық ерекше байқау жарияланды.

Бұл байқауда еліміздің әрбір тұрғыны ел аумағындағы мұнайгаз құбырларын өз қолымен безендіре алады. Ол мүмкіндікті, www.voxpopuli.kz интернет -порталы мен әлемдік деңгейдегі жетекші рөлге ие, үлкен құбырларды шығарушы ресейлік «Высота-239» жобасы бірігіп ұсынып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, еліміздің мұнайгаз экспортының тарихы енді қазақстандықтардың өз қолымен жазылатын болады.

Құбырларға арналған суреттердің байқауына кәсіпқой суретшілер мен дизайнерлер, сондай-ақ, қарапайым тұрғындар қатыса алады. Байқаудың  шарттары мен ережелері туралы толық ақпаратты www.voxpopuli.kz сайтынан алуға болады. Кейіннен осы сайттан байқау қатысушыларының туындыларын көруге болады.

Ең үздік екі жобаның авторлары алдағы жылы Францияда болатын  «Канн арыстаны» фестиваліне жолдама алады. Сонымен қатар, тағы үш жеңімпаз (олардың біреуі көрермендердің дауыс беруімен) дизайнерлердің Челябі қаласында өтетін ресей-қазақ семинарына қатысатын болады.

Қазақстанның мұнайгаз саласының дамуы Ресей металлургиясының  алыбы -  Челябі құбыр шығарушы зауытымен тығыз байланысты. 50 жыл бұрын осы зауыттың өнімі Орта Азия мен Еуропаны жалғастыратын алғашқы шикізат магистралінің негізін қалады. Бүгінде аталмыш зауыт халықаралық металлургия саласында алдыңғы қатарда және Қазақстанның шикізат тасымалдау саласындағы басты әріптесі болып табылады.

АЛМАТЫ.  9 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту