Батыс Қазақстан облысында газ-турбиналық электр стансасын салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар болды

размер шрифта: Aa | Aa
08.11.2011 11:39

Батыс-Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылында жаңа газ-турбиналық электр стансасын  салу жобасы бойынша  қоғамдық тыңдаулар өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аталмыш жобаның тапсырыс берушісі  -  «ҚазМұнайГаз» салынатын кәсіпорындар дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. «Қазақ мұнай және газ институты» акционерлік қоғамы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуші, «Терра» Дистанциялық зондтау және  географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша орындаушысы  ретінде тыңдауларды ұйымдастырушылар болып  табылады. 

 Қоғамдық тыңдауларға облыстық және аудандық басқармалар мен ведомостволардың басшылары, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Оның барысында  Батыс Қазақстанда қолға алынғалы отырған жобаны жүзеге асырушылар оның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу мен қоршаған ортаға әсерін бағалауға қатысты қалың көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап берді.

 Олардың мәліметтеріне қарағанда, Батыс Қазақстан облысы айтарлықтай көмірсутек қорына ие болып отырғандығына қарамастан  энергияға зәру. Ал жаңа қолға алынған жоба аймақтағы энергияға деген тапшылықты толықтай қамтамасыз етпейді. Бірақ мәселенің біршама оңалуына ықпал етеді. Яғни ұсынылатын жобаның мақсаты   электр энергиясына деген тапшылықты біртіндеп жабу болып табылады.  Нәтижесінде еліміз шет мемлекеттерден энергия қуатын тасымалдамайтын болады. Электр стансасының бірінші кезеңі     2013-2015 жылдарды қамтиды. Ал екінші кезең 2020-2021 жылдарға жоспарланған. Жоба сәтімен жүзеге асса ол аймақтың дамуында  үлкен маңызға ие болады. Құрылыс жүргізу кезеңінде 300-ге тарта, пайдалануға беру кезеңінде   100-ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Электр стансасының пайдалануға берілуі облыс экономикасына оң әсер етіп, электр энергиясының тапшылығын шешеді және электр энергиясының импортына тәуелділіктен арылтады деген сенім бар.

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту