«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» Petromidia мұнай өңдеу заводында 6 жаңа қондырғыны іске қосты

размер шрифта: Aa | Aa
14.11.2011 10:08

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Rompetrol Rafinare компаниясы (The Rompetrol Group құрамына кіреді) Petromidia мұнай өңдеу зауытын модернизациялау аясындағы тоғыз өндірістік жобаның 6-ның аяқтағаны туралы хабарлайды.

 «Инвестициялық пакет 2010-2011» жаңғырту жоспарының толық аяқталуы 2012 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған, бұл ретте капиталдық салымдардың жалпы құны 367 млн. АҚШ долларын құрайды.

Инвестициялық пакет Petromidia мұнай өңдеу заводына Оңтүстік және Шығыс Европадағы алдыңғы қатарлы мұнай өңдеу заводтарының қатарына енуге мүмкіндік береді. Осы жоба аяқталғаннан кейін Petromidia мұнай өңдеу заводы толық көлемде қазақстан мұнайын өңдей алады, сонымен қатар Евро 5 стандарттарына сәйкес өнімнің сапасын қамтамасыз ететін болады, - деп, The Rompetrol Group бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Гавит Куркимов өз сөзінде атап өтті.

Толық жаңғыртудан өткеннен кейін Petromidia мұнай өңдеу заводы «Urals» маркалы шикі мұнайды 100% өңдей отырып, жылына шикізаттың өңделуін 3,7 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін ұлғайтады. Бұдан басқа мұнай өңдеу заводы дизель отынының сұрыпталуын 37%-дан 45%-ға дейін арттырады және Европа Одағының барлық нормалары мен заңдарына сәйкес келетін жоғары сапалы отын өндіруді жалғастыратын болады.

Қазіргі кезде каталитикалық крекинг қондырғысы, Клаус қондырғысы (газды күкіртсіздендіру процесі), жаңа факелді жүйе, ауаны бөлу қондырғысы пайдалануға берілді және ваккумды газойлді гидротазалау қондырғысын дизелді отын қондырғысына ыңғайлап қайта жасау жүзеге асырылды.

- «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Petromidia мұнай өңдеу заводын модернизациялау процесі және Rompetrol-дың Орталық және Шығыс Европа, Румыния, Болгария, Молдовада, Украинада және Грузияда, сондай-ақ Түркияда, Сербияда және Грециядағы жанармай құю стансаларының санын көбейту және нығайту жүргізілуде, - дейді Г.Куркимов.

Rominserv компаниясы - The Rompetrol Group бас мердігері модернизациялау жобасын жүзеге асыруды 2006 жылы «Мұнай өңдеу зауытының инвестициялық пакеті 2010» атауымен бастады. Жобаны 2012 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр, ол кезде өндірістік процеске қалған үш жаңа қондырғы: жұмсақ гидрокрекинг, сутегі өндірісі мен күкірт өндірісі жолға қойылатын болады.

The Rompetrol Group инвестициялық бағдарламасы туралы:

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін The Rompetrol Group Қара теңіз жағалауында мұнайды қабылдап алу үшін терминал құрылысы, Мидия портындағы №9 айлақ арқылы отын (дизель отыны және бензин) және сұйытылған көмірсутегі газы бойынша экспорттық қуатты ұлғайту, сондай-ақ резервуарлық паркті жаңғырту мен автоматтандыру секілді бірқатар басқа да ілеспе күрделі салымдарды орындады.
The Rompetrol Group ағымдағы жылы өз алдына жалпы көлемі 4,17 миллион тонна шикізат (3,94 миллион тонна мұнай) өңдеу және 216 миллион АҚШ доллары сомасында, оның ішінде 180 млн. АҚШ доллары - Petromidia мұнай өңдеу заводының өңдеу қуатын ұлғайту жөніндегі бағдарлама шеңберінде, инвестицияларды игеру міндетін қойып отыр.

Алматы. 11 қараша. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту