«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Ромпетрол Рафинаре» компаниясы «Петромедиа» мұнай өңдеу зауытын жаңғырту шаралары аясындағы тоғыз өндірістік жобаның 6-уын аяқтады

размер шрифта: Aa | Aa
11.11.2011 10:57

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Ромпетрол Рафинаре» (Rompetrol Rafinare) компаниясы «Петромедиа» (Petromidia) мұнай өңдеу зауытын жаңғырту шаралары аясындағы тоғыз өндірістік жобаның 6-уын аяқтады.

Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, «Инвестициялық пакет 2010-2011» жаңғырту жоспарының толық аяқталуы 2012 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған, бұл ретте капиталдық салымдардың жалпы құны 367 миллион АҚШ долларын құрап отыр. «Аталмыш қаржы «Петромедиа» мұнай өңдеу заводына Оңтүстік және Шығыс Европадағы алдыңғы қатарлы мұнай өңдеу зауыттарының қатарына енуге мүмкіндік береді. Осы жоба аяқталғаннан кейін «Петромедиа» мұнай өңдеу зауыты толық көлемде Қазақстан мұнайын өңдейтін болады. Сонымен қатар Еуро - 5 стандарттарына сәйкес, өнімнің сапасын қамтамасыз етеді», - дейді, «Ромпетрол групп» (The Rompetrol Group) компаниясының Бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Гавит Куркимов.

Оның сөзінше, толық жаңғыртудан кейін «Петромедиа» мұнай өңдеу зауыты «Уралс» (Urals) маркалы шикі мұнайды 100 пайыз өңдей отырып, жылына шикізаттың өңделуін 3,7 миллион тоннадан 5 миллион тоннаға дейін ұлғайтады. Бұдан басқа мұнай өңдеу зауыты дизель отынының сұрыпталуын  37 пайыздан 45 пайызға дейін арттырады және Еуропа Одағының барлық нормалары мен заңдарына сәйкес келетін жоғары сапалы отын өндіруді жалғастырады.

КМГ лого АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту