
МГМ 2011 жылдағы мұнай өндіру болжамын біршама төмендетті
размер шрифта: Aa | Aa |
15.11.2011 11:56 | ||
ҚР мұнай және газ министрлігі (МГМ) 2011 жылдағы мұнай өндіру болжамын төмендетті, деп хабарлады экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов.
«Мұнай өндіру көлемдерінің өсім көрсеткіштері мақсатты деңгейден төмен қалыптасты - 0,5%-ға. 2011 жылы 81 млн тонна мұнай өндіру жоспарымен мұнай және газ министрлігі өндірудің ықтимал көлемін 80,35 млн тонна көлемінде бағалап отыр, бұл жоспарланғаннан 650 мың тоннаға аз», - деді ол сейсенбі күні үкімет отырысында.
Елена Преображенская. Астана. 15 қараша. ҚазТАГ
|