«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ы мұнай өндірісін тұрақтандырды

размер шрифта: Aa | Aa
15.11.2011 12:19
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2011 жылдың алғашқы тоғыз айында 9 207 мың тонна мұнай, шамамен тәулігіне 250 мың баррель өндірді. Бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 739 мың тоннаға немесе 7 %-ға аз, деп хабарлайды компанияның ресми сайты.

«Тоғыз айдың өндіру нәтижелеріне 2011 жылдың наурыз-сәуір айларында ауа-райының қолайсыздығынан кен орындарында электр қуатын шектеу, апатты сөну жағдайлары, сондай-ақ «Өзенмұнайгаз» филиалында болған наразылық акциясы кері әсер етті», - делінген компанияның ресми қаржылық нәтижелерінде.

«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы 3 789 мың тонна мұнай өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден 685 мың тоннаға кем.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, қазіргі таңда тұрақты өндірістік процесс қалпына келтірілген. Қолға алынған шаралардың арқасында тәуліктік мұнай өндіру көлемінің ұлғаю қарқыны байқалады.

«Жыл соңында жоспардан қалып қою шамамен 1 150 мың тоннаны немесе ҚМГ БӨ жалпы өндіру көлемінің 8,5%-ын құрауы мүмкін. Бұл бағалау жыл соңына дейін айтарлықтай тұрақты өндірістік процестің бұзылмауын қарастырады», - делінген хабарламада.

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту