Мұнай тарихы мен оның болашағына қатысты кітап жарық көрді

размер шрифта: Aa | Aa
16.11.2011 10:15

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қолдауымен Дэниел Ергиннің «Өндіру: мұнай, ақша және билік үшін күрестің дүниежүзілік тарихы» атты үшінші жаңартылған және толықтырылғын кітабы  жарық көрді.

Бұл туралы аталмыш ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Дэниел Ергиннің шығармасында мұнайдың әлемдік экономикаға, ұлттар мен адамдар тағдырларына, кәсіпкерлер мен мұнай компаниялары стратегияларының өзгеруіне  әсері туралы жазылған. Дэниел Ергин - жаһандық энергетика саласында сарапшы, дарынды жазушы. Оның кітабы оқырманға жаңа заманның ең ғажайып тарихының бірі - мұнай тарихын ашады. Автор әңгімесі шексіз - Пенсильваниядағы алғашқы ұңғының  бұрғылауынан бастап,  екі дүниежүзілік соғыс, Ирактың Кувейтке басып кіруін, «Шөлдегі дауыл» операциясын, Ирактағы соғыс және мұнайдың  XXI ғасырдағы рөлін қамтиды. Жаңа басылым мұнай тарихын және әлемдік энергетиканың болашағы туралы білгісі келетін оқырмандарға, әсіресе осы салада жұмыс істейтін немесе жұмысты енді бастаған мамандар үшін ерекше қызықты.

 17 тілге аударылған «Өндіру: Мұнай, ақша және билік үшін күрестің дүниежүзілік тарихы» шығармасы үшін Дэниел Ергин Пулитцер сыйлығына ие болды.

КМГ лого АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту