БҚО-да соңғы үш жылда 1071,7 шақырым газ құбыры тартылды

размер шрифта: Aa | Aa
21.11.2011 14:49
Батыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда жалпы ұзындығы 1071,7 шақырым газ құбыры тартылды.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, осы мерзімде 67 мың адамы бар 68 елді мекенге газ жеткізілді. Барлық он екі аудан орталығы табиғи газға қосылды. Облыс бойынша газбен қамту 82 пайызға жетті.

Елді мекендерді газдандыру жұмыстары одан әрі жалғасуда.

ОРАЛ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту