Мұнай алпауыттары Қазақстанда апаттық мұнай төгілімдерін жою үшін біртұтас ұйым құрады

размер шрифта: Aa | Aa
23.11.2011 09:44

 Қазақстанда орын алуы мүмкін мұнай төгілімдерінің салдарын жою саласында ынтымақтастық үшін мұнай алыптары бірігуде, деп Kazenergy баспасөз қызметінен хабарлады.

«Норт Каспиан Оперейтинг компании Б.В.» (НКОК), «КонокоФиллипс Н Блок Б.В.», «ҚазМұнайТеңіз» АҚ (ҚМТ), «Теңізшевройл» (ТШО) бүгін Батыс Қазақстанда екінші деңгейлі  мұнайдың апаттық төгілімдерін жоюды ұйымдастыруға қатысты кәсіпшілік ұсынған қызмет ету шарттарына қол қойды.

Салтанатты шараны ашу барысында НКОК компаниясының Төрағасы және Басқарушы директоры П.Оффан: «Бүгін біз аса маңызды құжатқа қол қойып жатырмыз. Бұл құжат бізге Қазақстанда екінші деңгейлі мұнайдың апаттық төгілімдерін жою ісінде ынтымақтастығымыздың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы жұмысқа жұмылған барлық компанияға алғысымды білдіргім келеді, атап айтқанда, осы құжатқа қол қою жұмысын әзірлеген «KAZENERGY» қауымдастығына. Бүгінгі іс-шара біздің Каспий теңізін қорғау үшін қажетті қадамдарды жасауға батыл ниетімізді тағы бір мәрте растап отыр. Бұл мақсатта Консорциумның қолданыстағы мұнайдың апаттық төгілімдерін жою бойынша сенімді құрылымы әрі қарай жетілдірілетін болады. Бұл ретте Батыс Қазақстандағы өзге де мұнай компанияларымен ынтымақтастық орнатылады» деп атап өтті.

Өз кезегінде «KAZENERGY» Қауымдастығының Атқарушы директоры А.Матишев: «Апаттық жағдайларды жою бойынша жоба тобы KAZENERGY Қауымдастығының теңіздегі мұнай операцияларын жетілдіру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің шеңберінде құрылып отыр. Бұл Қауымдастық мүшелерінің Үйлестіру кеңестері аясында өзара қарым-қатынастың жаңа формаларын игеріп жатқандығын білдіреді. НКОК, ҚМТ, ТШО және КонокоФиллипс Н Блок Б.В.» сынды ірі жер қойнауын пайдаланушылар Каспийдегі ықтимал мұнай төгілімдерін болдырмау және жою мақсатында әрекет етіп жатқаны қуантатынын» жеткізді.

Іс-шара барысында сөз алған ҚМТ Бас директоры (Басқарма Төрағасы) К.Ибрашев: «Каспий теңізіндегі кен орындарын игеріп жатқан жетекші мұнай-газ компаниялары өз күштерін біріктіре отырып мұнай төгілімдеріне қатысты апаттардың алдын алуға, мұндай ықтимал апатты төгілімдердің салдарын жоюға бағытталған тиімді шараларды қолға алатын ұйымды құруға бел байлап отырғанымен» бөлісті.

«Мұнайдың апаттық төгілімдерінің алдын алу және оны жоюдағы жабдықтарды дамыту - Батыс Қазақстанда жұмыстарды қауіпсіз әрі жауапты түрде жүргізу тұрғысында біз өзімізге қабылдаған міндеттемелерді іс жүзінде орындап жатқанымызды көрсету үшін қажет. ТШО мұнайдың апаттық төгілімдерін жоюда күш біріктіру жөніндегі әріптестерінің құштарлығына қуанақосылады» деді салтанатты шара үстінде М.  Дженнингс, ТШО компаниясының қауіпсіздік техникасы, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бас менеджері.

Салтанатты іс-шараға «КонокоФиллипс Н Блок Б.В.», ҚМТ, ТШО, НКОК және "KAZENERGY" Қауымдастығының өкілдері қатысты.

НКОК 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісім (ӨБК) мен оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар шеңберінде Консорциум құрамындағы жеті серіктес компания атынан 11 блокта көмірсутегі қорларын барлау және өндіру жұмыстарының операторы ретінде қызмет атқарады.

Консорциум мүшелерінің жобадағы қатысу үлестері: ҚМГ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ) – 16,81%, «Эни» - 16,81%, «ЭксонМобил»- 16,81%, «Шелл» - 16,81%, «Тоталь» -16,81%, «КонокоФиллипс» -  8,40% және «ИНПЕКС»- 7,56%.

«НКОК» компаниясы жоба шеңберіндегі өндірістік операциялардың орындалуын төрт агент-компанияға жүктеді: «Аджип ҚКО» компаниясы І кезеңді (Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру, соның ішінде бұрғылау) жүзеге асыру үшін жауап береді; «Шелл Девелопмент Қашаған Би.Ви.» (ШДҚ) компаниясы мен «Аджип ҚКО» компаниясы Қашаған жобасының ІІ кезеңіндегі кен орнын жайғастыру нысандары үшін жауап береді. ШДҚ сонымен бірге негіздік жобалау (НЖ) жұмыстарын басқаратын болады, содан кейін жобаның теңіз нысандарын жобалау, салу және игеру жұмыстарын жүзеге асырады. «Аджип ҚКО» компаниясы жерүсті нысандарын жобалау, салу және игеру жұмыстары үшін жауап береді; «ЭксонМобил Қазақстан Инк.» компаниясы ІІ кезеңдегі бағалау және бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін жауап береді, ал «ҚМГ Қашаған Б.В.» мен «Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.» компаниялары құрған бірлескен кәсіпорын – «НКПОК» компаниясы барлық кезеңдердегі өндірістік операцияларды басқаратын болады.

ҚМТ: Үлесінің 100% «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тиесілі бағынышты кәсіпорын. «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» Акционерлік Қоғамы 2003 жылдың 14 наурызында Президент Н.Назарбаев бекіткен Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде құрылды. Компания 7 теңіз жобасын іске асыруға қатысуда, деп көрсетілген баспасөз қызметінің таратқан хабарында.

Астана. 22 қараша. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту