Баку қаласында Каспий-Қара Теңіз халықаралық конференциясы басталды

размер шрифта: Aa | Aa
21.11.2011 11:38
Бүгін Баку қаласында «ОЭК-дегі өндірістік қауіпсіздік: теңізде және жағалауда мұнайдың төгілуі - проблемалар мен оларды шешу» тақырыбында Бірінші Халықаралық Каспий-Қара Теңіз конференциясы басталды.

Конференция жұмысына 10-нан астам мемлекеттердің сарапшылары қатысуда. Ол ТМД нарығындағы мұнай және газ тақырыбы бойынша мамандандырылған конференциялар мен тренингтердің ұйымдастырушысы - Confidence Capital британдық компаниялар тобы мен Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар бойынша министрлігінің ресми қолдауымен өткізіліп келеді. Шараға Каспий-Еуропа ықпалдастық іскер клубы (CEIBC) ұйымдастырушылық қолдау көрсетуде.

Қазақстан тарапынан аталмыш шараға Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-сараптамалық орталығы» АҚ-ның басшысы Бексұлтан Жәлиев,  «Қазтеңізтрансфлот ҰТКК» АҚ-ның теңізде жүзу және пайдалану бойынша басқарушы директоры Евгений Гецевич, «ҚазМұнайГаз»-дың Барлау мен Өндіру», «Жайықмұнай», «Ембімұнайгаз» компанияларының өкілдері, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ және Ақтаудың халықаралық теңіз сауда портының өкілдері қатысуда.

БАКУ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту