«Ремпетрол Молдова» компаниясы қараша айының соңына дейін елімізде алты жанармай стансасын ашатын болды

размер шрифта: Aa | Aa
25.11.2011 13:33
 «Ремпетрол Молдова» (Rompetrol Moldova) компаниясы қараша айының соңына дейін алты жанармай стансаларын ашпақ. Осылайша, Молдова Rompetrol компаниясының Қазақстан аймағындағы жанармай стансаларының саны 43-ке жететін болады»,- деп хабарлайды   «ҚазМұнайГаз ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

 Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, жаңа жанармай стансалары 2010 жылы басталған Молдова Республикасында Rompetrol отын жанармай  желісін дамыту стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады. «Бұл желіні кеңейту, көрсетілетін қызмет гаммаларын жаңарту, «Efix», «Avto» тобындағы сапалы отындар Rompetrol компаниясының тұрақты клиенттерін кеңейтуге негіз болған себептер»,-дейді «Ремпетрол групп» компаниясының Бөлшек сауда жөніндегі вице-президенті Титов Бузеску.

 Оның сөзінше, қаржы салымы стансаларды басқару мен ондағы құрал-жабдықтарды жаңғыртуға, қоршаған ортаның ластанудан қорғау мақсатында жүзеге асырылған. Сондай-ақ  ағымдағы жылы «Ромпетрол Молдова» (Rompetrol Moldova) компаниясы «Ромпетрола газ» (Rompetrol Gas) компаниясына кіретін «Молднер» (MoldInterGaz) компаниясының қызметін де атқаратын болады. Бұл компания Молдова Республикасында сұйытылған көмірсутекті газдың көтерме және бөлшек саудасымен айналысады.  Қазіргі таңда «Ремпетррол групп» (The Rompetrol Group) компаниясының жанармай стансалары Румыния, Молдова Республикасында, Болгария, Грузия, Франция, Испания және Украинада  1 000-нан асады. Ал 2012 жылдан бастап  компания Түркияда жеке сауда бойынша қызметін бастауды жоспарлап отыр.

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту