Қазақстан Ресейден теміржол көлігімен мұнай жеткізілімдерін қысқартады

размер шрифта: Aa | Aa
28.11.2011 13:36

 Қазақстан Ресейден теміржол көлігімен мұнай жеткізілімдерін қысқартады, деп хабарлады ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

«Біз Ресейден темір жолмен (мұнай – ҚазТАГ) жеткізілімдерді бақыламаймыз. Олар әдетте темір жолмен ішкі нарыққа және негізінен газойль, вакуумдық, дистилляттар шығарып, экспорттайтын шағын зауыттарға жеткізіледі», - деді ол дүйсенбі күні үкіметтегі селекторлық кеңесте.

«Біз ондай бизнеске қарсылық білдірген жоқпыз, бірақ олар Ресейден жеткізілімдердің квотасын таңдап отыр», - деді МГМ басшысы.

Министрдің айтуынша, «осыған байланысты Қазақстан темір жолмен Қазақстанға жеткізілімдерді шектеу туралы жеделхаттар жолдауға мәжбүр болды».

«Бұл позиция ҚТЖ-мен («Қазақстан темір жолы» - ҚазТАГ) келісілді, нәтижесінде желтоқсанда қиындықтар болмайды деп ойлаймын», - деді С. Мыңбаев.

Астана. 28 қараша. ҚазТАГ - Елена Преображенская.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту