Ресей 2012 жылы Қазақстанға барлық көлік түрлерімен жеткізілетін шикі мұнайға 6 млн. тонна көлемінде лимит бекітті

размер шрифта: Aa | Aa
29.11.2011 11:11
Ресей 2012 жылы Қазақстанға барлық көлік түрлерімен жеткізілетін шикі мұнайға 6 млн. тонна көлемінде лимит бекітті.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, өткен жылдары Ресей Федерациясы Қазақстанға 7 млн. тонна шикі мұнай жеткізсе, ал 2012 жылдан бастап көліктің барлық түрлерімен елімізге жеткізілетін өнімнің көлемін 6 млн. тоннаға төмендеткен. «Бұл бізге бастапқы кезеңнен-ақ, оның ішінде әрбір айға бөлу арқылы дұрыс пайдалануымыз қажет дегенді білдіреді», - деді ол.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, Ресей мұнай өнімдеріне, оның ішінде бензин мен авиаотынға да белгілі шек бекітіп отыр. «Егерде біз ағымдағы жылғыдай қажетті мұнай өнімдерінің көлемін жеткізе алмасақ, ал өзіміздегі қуат жетпесе, онда қазіргі Ресей Федерациясымен арадағы баға айырмашылығында өз мұнайымызды сыртқа шығарып, өңдеп және өңделген мұнай өнімдерін кері алып келгеніміз дұрыс болады», - деді С.Мыңбаев. 

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту