
МГМ мұнай өнімдерінің көтерме жеткізушілеріне аккредитацияға арналған құжаттарды дайындау керектігін еске салады
размер шрифта: Aa | Aa |
01.12.2011 11:32 | ||
ҚР мұнай және газ министрлігі (МГМ) мұнай өнімдерінің көтерме жеткізушілерінің аккредитациясы үшін құжаттар пакетін дайындап, оны құзырлы органға тапсыру керектігін еске салады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. «(мұнай өнімдерінің көтерме жеткізушілерін - ҚазТАГ) аккредитациялау жөніндегі құзырлы орган - ҚР мұнай және газ министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті (…), оның аумақтық бөлімшелері жоқ», - делінген МГМ-ның сәрсенбі күні таратылған ақпаратында. Баспасөз мәлімдемесінде үкімет бекіткен мұнай өнімдерінің көтерме жеткізушілерін аккредитациялау ережелері «2012 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енетіні» айтылған. «Аккредитация мұнай өнімдерін көтерме түрде сататын барлық тұлғалар үшін меншік түріне және ведомстволық тиесілігіне қарамастан міндетті болып табылады», - делінген ақпаратта. Сондай-ақ, келесі ерекшеліктер аталды: мұнай өнімдерін өндірушілер; мұнай өнімдерінің көтерме жеткізушілері, көтерме жеткізушілер «өзі өндірген және (немесе) импортталған шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын» өңдеу өнімін сатуға міндетті». Мұнай өнімдерінің келесі түрлері аталған: бензин, авиациялық және дизель отыны, мазут. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, нормативті-құқықтық актілердің бәрі және өтініштің белгіленген формасы мұнай және газ министрлігінің ресми сайтында жарияланады. Еске сала кетейік, мұнай өнімдерінің көтерме жеткізушілерінің аккредитациясын өткізу ережелері қазан айында ҚР үкіметінің №1210 қаулысымен бекітілген. Астана. 30 қараша.ҚазТАГ
|