«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Petromidia платформасындағы қондырғыларды сәтті қайта іске қосқаны туралы хабарлайды

размер шрифта: Aa | Aa
01.12.2011 12:05

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ The Rompetrol Group осы аптада Petromidia платформасындағы өндірістік қондырғыларды жөндеу және қайта іске қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды, сондай-ақ, мұнай өңдеуші қуаттарды 5 миллион тонна шикізат алуға дейін арттыру жөніндегі бағдарламаны орындау мақсатында жаңа алты қондырғыны операциялық ағынға біріктіруді сәтті аяқтағанын хабарлайды.

«Мұнай өңдеуші қуаттарды арттыру жөніндегі бағдарлама 2012 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады және The Rompetrol Group-тың Орталық және Шығыс Еуропадағы қатысуын нығайтуға мүмкіндік береді. Жобаның күрделілігі мен ауқымын есепке ала отырып, онда жобаның ойдағыдай іске асуына, сондай-ақ, 4000-нан астам операцияны қауіпсіздік жағдайында жүзеге асыруға көп үлес қосқан 2000-нан астам адам - The Rompetrol Group жұмыскерлері мен әріптестері еңбек етті», - деді The Rompetrol Group Мұнайды өңдеу және мұнай химия жөніндегі дивизияның вице-президенті Александру Николчою.

Жоспарланған қондырғы аясында техникалық қызмет көрсету, белгілі мұнай өңдеу қызметі бойынша жұмыстар, сондай-ақ, отын сапасын сақтау және арттыру үшін катализаторларды ауыстыру, газды күкіртсіздендіру қондырғысын жаңғырту және вакуумдық газойлді күкіртсіздендіру қондырғысын дизельдік жанармайды күкіртсіздендіру қондырғысына түрлендіру жүргізілді. Сонымен қатар жаңа азот өндіру қондырғысы мен жаңа алау жүйесі аяқталып, технологиялық ағынға біріктірілді.

Мұнай өңдеу қуаттарын арттыру бағдарламасы 2007 жылы іске қосылған болатын, ал оның толық бағалау құны 367 млн. АҚШ доллардан асты. Жобаны 2012 жылдың бірінші тоқсанында өндірістік процесске басқа жаңа үш қондырғы (жұмсақ гидрокрекинг қондырғысы, сутекті өндіру қондырғысы мен күкіртті өндіру қондырғысы) енгізілген кезде аяқтау жоспарланып отыр.

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту