«Қазақ теңіз көлік флоты» акционерлік қоғамының базасы жаңа тасымал көлік түрлерімен толығуда

размер шрифта: Aa | Aa
12.09.2011 09:55

 «Кеше      құрылтайшысы 100 пайыз «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы болып табылатын «Қазақ теңіз көлік флоты» акционерлік қоғамы.

 Грузияның Батуми теңіз айлағында Оңтүстік Кореяның «Самсунг хеви индастриз» (Samsung Heavy Industries)  кеме жасау компаниясынан сатып алған көптонналық кемелерін алып келді»,-деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

 Акционерлік қоғам әрқайсысының салмағы 115 мың тонна болатын «Афрамакс» (Aframax) типтес екі мұнай құю танкерін сатып алды. Жаңа кемелерге  «Alatau» және «Altai» атаулары берілді. Аталмыш танкерлер Қара және Жерорта теңіздерінде мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған.

 Осылайша, «Қазақ теңіз көлік флоты» компаниялар тобы  өз флотын көптонналық кемелермен ұлғайту арқылы өз қызметінің географиялық аясын кеңейте түспек. Аталмыш танкерлерді сатып алуды «ҚазМұнайГаз» компаниясы ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар аясында және «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының  қолдауымен жүзеге асырды.

 «Қазақ теңіз көлік флоты» «барлау-өндіру-тасымалдау-қайта өңдеу-жеткізу» қағидаты бойынша қазақстандық мұнайды әлемдік нарыққа тасымалдаудың логистикалық жүйесін сенімді пайдалану арқылы технологиялық тиімді көліктік дәліз құру міндетін қойып отыр. Бүгінде «Қазақ теңіз көлік флоты» акционерлік қоғамына қарасты компаниялар тобының флотындағы кеме саны 21 бірлікті құрайды, оның ішінде 8 танкер бар. 2020 жылға дейінгі дамыту стратегиясына сәйкес компания меншікті флоты үшін тағы көптонналы 4 кемені сатып алмақ.

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту