Елбасы Н.Назарбаев телекөпір арқылы көмірсутегі шикізатын тазалап өңдейтін қондырғыны іске қосуға рұқсат берді

размер шрифта: Aa | Aa
12.12.2011 09:58

Елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде Индустрияландыру күні аясында өтіп жатқан телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Батыс Қазақстан облысындағы көмірсутегі шикізатын тазалап өңдейтін қондырғыны іске қосты.

«Облыста үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында жалпы құны 254 млрд. теңгені құрайтын 29 жоба жүзеге асырылуда. Биылғы жылы 11 жоба аяқталды. Біз қазір көмірсутегі шикізатын тазалап өңдейтін қондырғының аумағында тұрмыз. Жобаның  басты мақсаты Қарашығанақ кен орнын игерген кезде технологиялық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен бірге технологияны жетілдіру арқылы жан басына шаққандағы өнімді 383 мың долларға дейін жеткізу. Саладағы республикалық  орташа көрсеткіш 142 мың доллар. Жобаның бағасы 155 млрд. теңге», - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жобаны таныстыра келіп.

Өз кезегінде таяуда өңірде болып облыстың ахуалымен толық танысқандығын атап өткен Мемлекет басшысы: «Әсіресе, электр жүйесін өздеріңіз салып, Ресейден келетін электр қуатына тәуелдіктен шыққандықтарыңыз қуантарлық жағдай. Жалпы облыс ауыл шаруашылығы жағынан да әсіресе индустрия, машина құрастыру жағынан да алда келе жатқан өңір болып саналады», - деп атап өте келе қондырғыны іске қосуға рұқсат берді.

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат  /Марлан Жиембай/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту