Қазақ кемелері Қара теңіз және Жерорта теңіздерінде мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдайтын болады

размер шрифта: Aa | Aa
12.12.2011 10:00
Кеше Грузияның Батуми айлағында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ  алғашқы ірі тоннажды кемелерді қабылдап алды, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметінен.

ҚТКФ әрқайсысының салмағы 115 мың тонна болатын «Aframax» үлгісіндегі екі мұнай құю танкерін сатып алды. Жаңа кемелерге «Alatau» және «Altai» атаулары берілді. Танкерлерді Оңтүстік Кореяның «Samsung Heavy Industries» кеме жасау компаниясы  шығарды, олар Қара теңіз және Жерорта теңіздерінде мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған.

Осылайша, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» компаниялар тобы өз флотын ірі тоннажды кемелермен ұлғайту арқылы қызметінің географиялық аясын кеңейте түспек. Аталған теңіз көліктерін  сатып алу «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар аясында және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қолдауының арқасында жүзеге асырылды.

«ҚТКФ «барлау-өндіру-тасымалдау-қайта өңдеу-жеткізу» қағидаты бойынша қазақстандық мұнайды әлемдік нарыққа тасымалдаудың логистикалық жүйесін сенімді пайдалану арқылы технологиялық тиімді көліктік дәліз құру міндетін қойып отыр. Бүгінде ҚТКФ компаниялар тобының флотындағы кеме саны 21 бірлікті құрайды, оның ішінде 8 танкер бар. 2020 жылға дейінгі дамыту стратегиясына сәйкес ҚТКФ меншікті флотының жалпы тоннажын ірі тоннажды 4 кемені сатып алу арқылы 1 426 000 тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Іс-шараға « «КазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай тасымалдау бойынша басқарушы директоры Нұртас Шманов, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ басқарма төрағасы Марат Орманов және тағы басқа ресми тұлғалар қатысты.

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту