
«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемін қаңтар-қарашада 3 пайызға арттырды
размер шрифта: Aa | Aa |
12.12.2011 10:03 | ||
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистральды мұнай құбырлары жүйесімен 2011 жылғы қаңтар-қарашадағы мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 49 млн. 334 мың тоннаны құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 1 млн. 455 мың тоннаға немесе 3 пайызға артты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен. «ҚазТрансОйл» АҚ МҚ жүйесі бойынша жүк айналымы 2011 жылғы 11 айда 31 млрд. 641 млн. тонна км. болды. Былтырғы жылғы осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 439 млн. тонна км-ге немесе 1 пайызға артты. Көмірсутек шикізатын тасымалдау көлемінің өсімі ҚХР бағытында да сақталып отыр. Ағымдағы жылғы қаңтар-қарашада «Атасу - Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 10 млн. 091 мың тонна мұнай деңгейіне жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 850 мың тоннаға немесе 9 пайызға өсті. АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат
|