БҚО-да табиғи газ өндіру 15,2 пайызға артты

размер шрифта: Aa | Aa
14.12.2011 10:06
Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда 1349,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді, бұл өткен жылғыдан 7,0 пайызға көп.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, осының 1226,8 млрд. теңгесі кен өндіру өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Мұндағы өсім - 6,7 пайыз. Әсіресе, табиғи газ өндіру 15,2, газ конденсаты 8,2 пайызға артты.

Өңдеу өнеркәсібінде 96,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Соның ішінде машина жасау - 1,7, резеңке және пластмасса бұйымдары - 1,7, өзге металл емес минералдық өнімдер - 1,4, мұнай өңдеу 1,2 есеге көбейді.

ОРАЛ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту