«ҚазМұнайГаз» компаниясы он пайыздық үлеспен Қарашығанақ жобасының қатысушысына айналды

размер шрифта: Aa | Aa
14.12.2011 17:36
«ҚазМұнайГаз» компаниясы он пайыздық үлеспен Қарашығанақ жобасының қатысушысына айналды. Аталған келісімге бүгін Үкімет үйінде қол қойылды.

ҚР Үкіметі мен Қарашығанақ консорциумы арасындағы келісімге қол қою рәсімінен кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев: «Егер Қазақстан Республикасының мүддесі түрғысынан айтар болсақ, онда біз  барлық мемлекеттік органдардың наразылығын реттеу үшін бес пайызын алып отырмыз. Тағы бес пайызын салықсыз  бір миллиард долларға нарықтық бағамен сатып алдық. Нәтижесінде  «ҚазМұнайГаз» он пайыздық үлеспен жобаның қатысушысына айналды. "ҚазМұнайГаз» осы бес пайызды сатып алу үшін заем алды», - деп атап өтті.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Республикасы өз кезегінде Қарашығанақ консорциумымен арадағы келісімшартттың тұрақтылығын қуаттады. «Өздеріңіз білесіздер біздерде кедендік баж салығы бойынша келіспеушіліктер туындаған болатын. Консорциум осы кедендік төлемдерді төлемейтін болады. Бұл Қазақстан Республикасының бюджеті мен Ұлттық қорына қаржы түсімінің төмендейтіндігін білдірмейді. Қолданыстағы келісімде әділдік индексі деген бар және де осы төлемдер пайда түсіретін мұнайды арттыру арқылы өтелетін болады», - деді министр.

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту