ҚР Үкіметі мен Қарашығанақ консорциумы арасындағы келісімнің бірқатар кейінге шегерілген шарттары келесі жылдың 30 маусымына дейін орындалуы керек - С.Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
14.12.2011 17:36
ҚР Үкіметі мен Қарашығанақ консорциумы арасында қол қойылған келісімнің бірқатар кейінге шегерілген шарттары  келесі жылдың 30 маусымына дейін орындалуы керек.

Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде аталған келісімге қол қойылғаннан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев айтты.

«Келісімге қол қазір қойылғанымен оның 30 маусымға дейін орындалуы тиісті бірқатар кейінге шегерілген шарттары бар», деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, бұл шарттар заңнамадағы түзетулерге, мәселен, қайтарылуы уақытты қажет ететін ҚҚС мәселелеріне қатысты. «Біз осы барлық кейінге шегерілген шарттардың сөзсіз орындалатындығына сүйенеміз және осы кейінге шегерілген шарттар бойынша салыстырып тексеру актісіне қол қоямыз әрі келісім нақты күшіне енеді деп үміттенеміз», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін  ҚР Үкіметі мен Қарашығанақ консорциумы арасында келісімге қол қойылып, оған сәйкес «ҚазМұнайГаз» компаниясы он пайыздық үлеспен жобаның қатысушысына айналды. Оның бес пайызын  еліміздің барлық мемлекеттік органдарының Қарашығанақ консорциумына наразылығын реттеу үшін тегін алсақ, тағы бес пайызын салықсыз бір миллиард долларға нарықтық бағамен сатып алдық.

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту