Қарашығанақ жобасы бойынша 400 млн. АҚШ долларынан астам салықтық наразылықтардың 100 миллион долларына жуығы төленеді

размер шрифта: Aa | Aa
14.12.2011 17:39
Қарашығанақ жобасы бойынша 400 миллион АҚШ долларынан астам салықтық наразылықтардың 100 миллион долларына жуығы төленеді.

Бұл туралы бүгін Үкіметте Қарашығанақ жобасының 10 пайыз үлесіне «Қазмұнайгаз» компаниясының қатысуына байланысты болған баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы Министрі БолатЖәмішев мәлім етті. «Ал қалған қаржы мердігер компаниялардың қосымша құжаттарды ұсыну және қосымша сараптама жасау барысында реттелді. Жалпы даулы мәселелердің беті ашылды»,- деді министр. Б.Жәмішевтің сөзіне қарағанда, салықтық наразылықтардың барша сомасының 500 миллион АҚШ долларынан астам қаржысының үштен бір бөлігі олар Орынбор газ өңдеу зауытына жеткізілімдердің трансферттік баға қалыптастыруына байланысты.

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту