Solar Turbines Europe S.A. мен Батыс Қазақстан машина жасау компаниялары әріптестік туралы келісімге қол қойды

размер шрифта: Aa | Aa
15.12.2011 10:41
Solar Turbines   және Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы жәрдемші құралдар  өндірісін  оқшаулау мен Орталық Азияның мұнай-газ саласындағы   газ турбиналарына қызмет көрсетудегі әріптестер болмақ.

 Бүгін олар газ турбиналары жабдықтарының негізгі буындары мен толымдаушы  бөлшектерін өндіру жөніндегі  келісімге қол қойғанын хабарлады. Енді еліміздің мұнай-газ өнеркәсібіне  машина жасау саласындағы жетекші кәсіпорын саналатын Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы инжинирингті, өндірісті және  Solar Turbines компаниясы шығаратын турбиналық модульдер үшін жоғары сапалы жабдықтарды  жеткізу қызметін жүзеге асыратын болады. Тараптар арасындағы бұл әріптестік  Қазақстан экономикасына  оңтайлы ықпал  ету және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында   Елбасының шетелдік капиталды ынталандыруға бағытталған   саяси бастамасының нәтижесінде қалыптасып отыр.

Батыс Қазақстан машина жасау компаниясының бас директоры  Омархан Елемесовтің айтуынша, Solar Turbines компаниясымен арадағы бұл келісім  Қазақстан мен Орталық Азияның энергетикалық инфрақұрылымына оң  әсер  етеді. Енді Solar Turbines компаниясына өз  өнімдерін, қызметін  Қазақстан аумағында таратуға ұсыныс жасалады. Келісім озық технологияларға қол жеткізу, ноу-хау, жаңа жұмыс орындарын ашу, техникалық оқыту және  инфрақұрылымды дамыту арқылы елдің экономикасына пайда келтіретін болады.

«Бұл келісім Solar компаниясының Қазақстан мен Орталық Азияда тұтынушыларды дүниежүзілік үлгідегі мұнай-газ жабдықтарымен қамтасыз ету  және  пайдалану мерзімі кезінде Solar  компаниясының өнімдері мен қызметтерін  оқшаулауға қатысты міндеттерін  айқындайды. Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы Қазақстандағы беделді  компания, әрі  Solar Turbines  үшін Қазақстан мен Орталық Азиядағы   сенімді әріптес», - дейді Solar  компаниясының аймақтық атқарушы  директоры Билл Джинти  (Bill Ginty).

АЛМАТЫ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту