Қазақстан үшін Қарашығанақ мұнай және газ кен орны үлкен мәнге ие - Елбасы

размер шрифта: Aa | Aa
15.12.2011 10:42
Мемлекет басшысы Нұрсұлан Назарбаев Қарашығанақ жобасы жөніндегі шетелдік компаниялар Консорциумының өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесуге «БиДжи Групп» компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Чапмэн, «Шеврон» корпорациясы Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Скотт Дэвис, «Лукойл» ААҚ вице-президенті Андрей Кузяев, «ЭНИ» концернінің барлау және өңдеу бөлімінің өндірістік бас директоры Клаудио Десқальци, «БиДжи Групп» компаниясының Еуропа мен Орталық Азия өңірлері бойынша басқарушы директоры Эшли Алманза қатысты.

- Қазақстанға қош келдіңіздер. Сіздер біз үшін өте маңызды кезде келдіңіздер. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуде. Премьер-Министр маған баяндағандай, сіздер біз көптен бері жұмыс жүргізіп келе жатқан мәселе бойынша келісімге келіпсіздер. Жұмыс оңайға түскен жоқ. Біздің министрліктер, «Самұрық-Қазына» қоры, біздің серіктестеріміз - сіздер қажырлықпен жұмыс істедіңіздер. Мен сіздерге ризашылығымды білдіремін. Осы жылдар ішінде біз сіздермен бірге жұмыс істеп келеміз, Шетел инвесторлары Кеңесінде кездесеміз. Мен сіздерге әрдайым қолдан келген көмегімді көрсеттім. Қарашығанақ жобасы жақсы дамып келеді. Қазақстан үшін Қарашығанақ мұнай және газ кен орны үлкен мәнге ие, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

- Президент мырза, үлкен рахмет. Алда келе жатқан Тәуелсіздік күніне орай шын ықыласты құттықтауымды білдіруге рұқсат етіңіз. Сіздің дана басшылығыңызбен Қазақстан орасан жұмыстар атқарды және адам сенгісіз табыстарға жетті. Сөз жоқ, Қазақстан Орталық Азияда көшбасшы саналады және батыс әлемінің үлкен бөлігі сіздердің экономикалық жағдайларыңызға қызығады. Сіз елдің одан ірі үдемелі дамуы үшін тамаша платформа құрдыңыз, - деді Ф.Чапмэн.

Мемлекет басшысы шетелдік инвесторларға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалін тапсырды.

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту