The Rompetrol Group Ливияда өз жұмысын жаңартты

размер шрифта: Aa | Aa
19.12.2011 09:29

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «The Rompetrol S.A.» Ливияда бұрғылау жұмыстарын жаңартқанын хабарлайды, онда қондырғыларды бағалау және тексеру үшін мамандар тобы жіберілді.

«Қазіргі уақытта Ливияда саяси жағдай тұрақтанды, ал біздің кейбір дәстүрлі серіктестеріміз жуық арада өздерінің экономикалық операцияларын бастады немесе бастауды жоспарлап отыр. Біздің бағалауымызша, 2012 жылдың бірінші тоқсанында The Rompetrol Group бұрғылау бойынша жұмыстарын толығымен жаңартады, ал компанияның 90 пайыз қондырғылары жұмысқа жарамды екені бізге белгілі», - деп атап өтті Rompetrol SA бас директоры Георге Джеорджеску.

The Rompetrol Group қызметкерлері қондырғыларды қайта іске қосумен бірге осы елге қайтып оралады.

Ақпан аяғында, дау кезінде, компания Ливиядағы өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдап, онда кеңсе орналасқан Триполиді қоса 5 нысанда жұмыс істейтін 63 қызметкер (Румыния азаматтары) үйлеріне қайтқан болатын. Осы кезең ішінде The Rompetrol Group Ливияның қалған 100-ден астам азаматтарын қорғауды қамтамасыз етті. Оларға еңбекақы төленіп, отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді.

The Rompetrol Group құрамындағы ұңғымаларды бұрғылау және қызмет көрсететін бөлімше өз жұмысын Ливияда 1986 жылы Мурзук бассейнінде бастады, онда 100 млн. баррельден астам қорымен осы өңірдегі ең үлкен мұнай кен орны ашылған болатын. Сондай-ақ компания Либба және Амал блоктарында жұмыс істеді.

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту