ӨМГ жұмысшыларының бір бөлігі өз қауіпсіздігі және отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне орай жұмысқа шықпады

размер шрифта: Aa | Aa
19.12.2011 09:36
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») кеше Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалындағы (ӨМГ) жағдайдың өрбуі жөнінде хабарлайды.

ӨМГ жұмыскерлерінің бір бөлігінің 2011 жылдың 16 және 17-желтоқсан күндері түнгі және таңертенгі ауысымдарға жұмысқа шықпағаны тіркелді. Бұны жұмыскерлердің өз қауіпсіздігі және өз отбасылары мүшелерінің қауіпсіздігіне алаңдайтындығымен түсіндіруге болады. Осыған байланысты кәсіпшіліктердегі жұмыстан кете қоймаған жұмыскерлер күшімен тәулік бойына кезекшілік жүргізу ұйымдастырылды. Соның арқасында тәуліктік мұнай өндіру деңгейін сақтап қалу мүмкін болды.

Жаппай тәртіпсіздіктер мен тонаушылықтар барысында ӨМГ әкімшілік ғимаратына өрт қойылып, дүние-мүлкі таланды, кеңсе жабдықтары мен құжаттардың едәуір бөлігі жойылды. Кәсіпорынның жұмысын жедел басқаруды қамтамасыз ету мақсатында басқа ғимаратта уақытша орналастырылған штаб құрылды.

ҚМГ БӨ басшылығы өндірістік нысандардың және сондағы ӨМГ жұмыскерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолға алып отыр. Ішкі істер органдарының күшімен негізгі нысандардың, оның ішінде ӨМГ өндірістік нысандарының қарулы күзеті ұйымдастырылды.

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту