«Ромпетрол групп» Ливияда бұрғылау жұмыстарын жаңартуда

размер шрифта: Aa | Aa
21.12.2011 17:59
 «Ромпетрол групп» (The Rompetrol S.A.)  Ливияда бұрғылау жұмыстарын жаңартуда»,деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, осы уақытта «Реомпетрол»  компаниясы Ливиядағы қондырғыларды бағалау және тексеру үшін арнайы мамандар тобын жіберді. Ливияда саяси жағдай тұрақтанды. Осыған байланысты ұлттық компанияның кейбір дәстүрлі серіктестері   экономикалық операцияларын бастады, кебіреулері бастауды жоспарлап отыр.

«Біздің бағалауымызша, 2012 жылдың бірінші тоқсанында «Ромпетрол» бұрғылау жұмыстарын толығымен жаңартады. Компанияның 90 пайыз қондырғылары жұмысқа жарамды екені бізге белгілі. «Ромпетрол групп» қызметкерлері қондырғыларды қайта іске қосумен бірге осы елге қайтып оралады.- деп атап кетті Rompetrol SA бас директоры Георге Джеорджеску.

Оның сөзінше, биылғы жылдың ақпан айының соңына таман Ливиядағы шиеленістердің салдарынан компания Ливиядағы өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдап, Триполиді қосқанда 5 нысанда жұмыс істейтін 63 қызметкер (Румыния азаматтары) үйлеріне қайтқан болатын. Осы кезең ішінде «Ромпетрол групп»  Ливияның қалған 100-ден астам азаматтарының еңбекақысын төлеп, олардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетті. Бүгінде «Ромпетрол групп»  құрамындағы ұңғымаларды бұрғылау және қызмет көрсететін бөлімше өз жұмысын Ливияда 1986 жылы Мурзук бассейнінде бастады, онда 100 миллион  баррельден астам қорымен осы өңірдегі ең үлкен мұнай кен орны ашылған болатын. Сондай-ақ компания Либба және Амал блоктарында жұмыс істеді.

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту