«Жас химик» интеллектуалды байқауының жеңімпаздары марапатталды

размер шрифта: Aa | Aa
21.12.2011 18:02
«Кеше, 20 желтоқсанында Астана қалалық мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Жас химик» интеллектуалды байқауы өтті»,деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда,  интеллектуалды байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойы мен «Қазэнерджи» қауымдастығы мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының мектеп жасындағы дарынды балаларға   кәсіптік бағдар беру мақсатында өткізіліп отыр. Байқаудың мақсаты - оқушыларды ғылыми ізденіске баулу, олардың химия пәніне қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылымды насихаттау, жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру. 

 Байқауға ағымдағы жылдың 17 қарашасында іріктеу турынан өткен №38 мектеп-лицейінің, Райымбек батыр атындағы №50 «Казғарыш» мектеп-лицейінің, дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейі мен дарынды ұл балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің, дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің командалары қатысты.

 Әділқазылардың бағалауы бойынша 1 орынға (I дәрежелі диплом) - Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі, 2 орынға (II дәрежелі диплом) - Дарынды ер балаларға арналған Қазақ-түрік лицейі, 3 орынға (III дәрежелік диплом) - Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі командалары ие болды.

Жеңімпаз командалар және өзге де қатысушылар сайыстың бас демеушісі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту