2011 жылы елімізде газ конденсатын қоса алғанда мұнай өндіру 80,35 млн.тонна көлемінде күтіледі

размер шрифта: Aa | Aa
22.12.2011 18:14

Еліміздің мұнай өндіруші компаниялары 2011 жылдың 11 айы ішінде  газ конденсатын қоса алғанда, 73,3 млн. тонна мұнай өндірді. Бұл көрсеткіш шамамен 101,1  пайызды құрайды.

Бұл туралы «Мұнайгаз Ақпараттық талдау орталығы» АҚ деректерінде келтірілді.


Мәліміттерге қарағанда, мұнай өндірудің негізгі өсімін «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Қазгермұнай» БК ЖШС, «Торғай Петролеум» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС компаниялары қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, болжауларға сәйкес, 2011 жылы газ конденсатын қоса алғанда еліміздегі мұнай өндіру 80,35 млн.тонна көлемінде күтіледі. Ал  2012 жылы жоспарланып отырған мұнай өндіру көлемі 81 млн.тоннаны құрайтындығы болжанады.

Қазақстан үшін ерекше маңызы бар жобалар болып Теңіз және Қарашығанақ жобалары қарастырылып отыр.

АСТАНА. 22  желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту