Өткен 11 айда мұнай мен газ конденсатының экспорты 65,4 млн. тоннаны құрады

размер шрифта: Aa | Aa
22.12.2011 18:15
Қазақстанда 2011 жылдың 11 айы ішінде,  алдын ала деректер бойынша, мұнай және газ конденсаты экспортының көлемі 65,4 млн. тоннаны құрады.

Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 100,6  пайызды құрайды.

«Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ деректеріне сүйенсек, мұнай мен газ конденсатының экспорты Атырау - Самара бағыты бойынша 14125,7 мың тоннаны құраған, бұл 92,3 пайызға тең.  Ал  Орынбор ГӨЗ-і (конденсат) - 1113,5 мың тонна (55,8 пайыз), КҚК бағытында  - 25904,3 мың тонна (91,1 пайыз), Атасу - Алашанькоу - 10090,7 мың тонна (99,9 пайыз) деңгейінде экспорттау жүзеге асқан.

Бұдан бөлек, өнім экспорты Ақтау теңіз порты арқылы - 7384,3 мың тонна (77,9 пайыз) құраса, теміржол арқылы 6782,2 мың тонна (124,4 пайыз) тасымалданған.


АСТАНА. 22  желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ 
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту