«ҚазМұнайГазды» Қиынов басшылыққа алды – дереккөз

размер шрифта: Aa | Aa
22.12.2011 18:18

Ұлттық «ҚазМұнайГаз» компаниясының президенттігіне Ләззат Қиынов тағайындалды, деп ақпаратқа қанық дереккөз хабарлады.

Одан басқа агенттік сұхбатшысы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» бастығы да ауысқанын мәлім етті.

«ҚМГ» БӨ-ні Алик Айдарбаев басшылыққа алды», - деді ол.

Бұл ретте ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Михаил Дорофеев бұл ақпаратты ҚазТАГ-қа телефон арқылы болған сұхбатта растамады.

«Ресми түрде мен сіздерге ешнәрсе дей алмаймын», - деді ол жоғарыдағы жағдайларға қатысты.

Сондай-ақ Тwitter-дегі ҚМГ ресми парақшасында «компания басшылығының ауысқандығы туралы ақпарат ресми расталмады» деп көрсетілген.

Астана. 22 желтоқсан. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту