«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ жаңа бас директоры қызметіне Алик Айдарбаев сайланды

размер шрифта: Aa | Aa
23.12.2011 11:39

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басқарасының төрағасы Асқар Балжанов өзінің өкілеттігін тоқтатты. Бұл қызметке осы кезге дейін директорлар кеңесінің төрағасы болған Алик Айдарбаев сайланды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Сисенғали Өтеғалиев жаңа төраға сайланғанға дейін АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін уақытша атқаратын болады.

Алик Айдарбаев В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, мұнайгаз саласында 1985 жылдан бері еңбек етеді. Мұнайгаз өндірісінде кәсіби дамудың барлық сатысынан өтті, «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің «Жетібай» мұнай-газ өндіру басқармасында аға геолог, одан кейін технолог, өндіріс шебері, мұнай және газ өндіру цехы бастығының орынбасары болып жұмыс жасады. Әр жылдарда «Оңтүстікқазмұнай» өндірістік бірлестігінде басшы лауазымдарда болды. «ТорғайПетролеум» АҚ және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары болып қызмет атқарды. 2011 жылғы сәуірден «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры. 2011 жылғы 6 мамырда директорлар кеңесінің тікелей өткізілген кезекті отырысында А.Айдарбаев директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды.

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту