Жаппай тәртіпсіздіктің туындауының басты себебі бұзақы топтың іс-әрекеті болды - ҚР Президенті

размер шрифта: Aa | Aa
23.12.2011 11:41
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  бейсенбі күні жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы атап өткендей, жаппай тәртіпсіздіктің туындауының басты себебі бұзақы топтың іс-әрекеті болды. Олар жұмыстан босатылған еңбеккерлер мен «Өзенмұнайгаз» компаниясы басшылығының арасындағы еңбек шиеленісінің көпке созылғанын пайдаланған.

- Үкімет, «Самұрық-Қазына» Қоры, «ҚазМұнайГаз» компаниясы еңбек дауын дер кезінде шешу жөніндегі менің тапсырмамды орындамаған. Өкінішке орай, олар бұл мәселені шешуге қабілетсіз болып шықты. Ұлттық компания мен оның еншілес құрылымдарының басшылары арасында кездейсоқ адамдар көп болып шықты. Мұның бәрі менеджмент тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соқты. Сондықтан мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жаңа басшысы етіп Ләззат Қиыновты, ал «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының басшысы етіп Алик Айдарбаевты тағайындаймын, - деді Мемлекет басшысы.

Президент Үкіметке қазіргі жағдайда уәкілетті үкіметтік құрылымның, «ҚазМұнайГаз» компаниясының іс-қимылын жан-жақты зерттеуді және кінәлілерді жазалау, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» компаниясының басқару жүйесін реформалау жөнінде нақты ұсыныстар беруді тапсырды.

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту