ҚР Президенті: Маңғыстау - ғасырлар бойы дәстүрлер сақталып келген, ежелден қазақтар үшін тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім қорғанына айналған жер

размер шрифта: Aa | Aa
23.12.2011 11:43
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында болды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Жаңаөзен қаласында болып, қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев жаппай тәртіпсіздіктер барысында қиратылған нысандарда болып, қала тұрғындарымен, құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті.

Одан кейін еліміздің Президенті қала активімен, мұнай ұйымдары еңбек ұжымының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Мемлекет басшысы қазақстандық қоғамның басты құндылығы - тәуелсіздік, бейбітшілік және келісім екенін атап өтті.

- Бұдан 20 жыл бұрын біз халқымыздың тарихында алғаш рет тәуелсіздік алдық. Біз осы қасиетті құндылықты қадірлей білуіміз керек. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы күнгі жаппай тәртіпсіздікті халқымыз айыптауда. Шахтерлер, металлургтер, еңбек ұжымдары еліміз бойынша тәртіпсіздікті айыптап отыр, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.   

Мемлекет басшысы қоғамдағы бейбітшілік пен келісім - қазақстандықтардың басты құндылығы екенін атап өтті. Маңғыстау - ғасырлар бойы дәстүрлер сақталып келген, ежелден қазақтар үшін тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім қорғанына айналған жер.

- Егер бізде бейбітшілік пен келісім болатын болса, онда біздің балаларымыз бақытты болады. Ұлы Абайдың сөзін ұмытпаңыздар, халықтың бірлігі - біздің ең басты құндылығымыз, - деді Мемлекет басшысы.

Президент Үкіметке Жаңаөзен қаласындағы қиратылған нысандарды жедел түрде қалпына келтіру және қала тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық ұйымдастыру, қаржылық мәселелерін барынша қысқа мерзімде шешуді жүктеді. Мемлекет басшысы еліміздің өзге өңірлері қаланың қираған нысандарын қалпына келтіруге көмек көрсететініне сенім білдірді. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев отандық бизнесмендер қираған нысандарды қалпына келтіруге және қаланы абаттандыруға көмек көрсететінін атап өтті.

АСТАНА. 23 желтоқсан. www.kazinform.kz

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту