ҚМГ БӨ басшысы компаниясында басқару кодексін құру қажеттігін айтты

размер шрифта: Aa | Aa
26.12.2011 15:42

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Алик Айдарбаев басқару кодексін құру қажеттігін айтты, делінген жексенбі күні премьер-министрдің сайтында жарияланған ақпаратта.

«Басқарушының кодексі қажет», -деді А. Айдарбаев Жаңаөзенде блоггерлермен кездесуде.

«Болған оқиға үшін (Жаңаөзендегі - ҚазТАГ) кінәнің бір бөлігін өз мойнымызға аламыз. Басты қателік жеткілікті диалогтың болмауында, бірақ ол жақтың да қателігі бар. Бұл жерде қателікті мойындау керек», - деп атап көрсетті А. Айдарбаев.

ҚМГ БӨ басшысының айтуынша, ереуілдер кезінде шамамен 1 мыңдай адам жұмысқа келмей, ақыр соңында олар жұмыстан шығарылды.

«Президенттің тапсырмасы бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу мен жұмыстан шығарылған мұнайшыларды еңбекпен қамту үшін нақты ұсыныстар әзірлеуде», - деді ол.

«Біз бүгін президенттің тапсырмасы бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу мен осы адамдарды жұмысқа орналастырудың жаңа жолдарын іздейтін боламыз», - деді ол.

«Біз жұмыстан босап қалған мұнайшылармен кездесіп, қазіргі заманғы бұрғылау компаниясын ашатынымызды айттық, оның үстіне бұрғылау көлемін арттыру көзделіп отыр. Тек бағдарлама өзімізде бар нәрселерді қайталамайтын, қандай да бір инвесторларды тартатын жақсы бағдарлама болуы керек», - деп атап көрсетті А. Айдарбаев.

ҚМГ БӨ басшысы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жаңа жұмыс орындарын ашу мен жұмыстан шығарылған мұнайшыларды еңбекпен қамту үшін нақты ұсыныстар әзірлеп жатқанын еске салды.

Еске сала кетейік, ҚР премьер-министрі баспасөз қызметінің шақыруымен қазақстандық блоггерлер тобы әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық проблемаларды едел шешу үшін құрылған үкіметтік комиссияның жұмысымен танысу үшін Ақтау мен Жаңаөзенге келген.

Бұрын хабарланғандай, 16 желтоқсанда Жаңаөзенде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында және Шетпе станциясындағы тәртіпсіздіктер кезінде 17 адам қаза болды, 108 адам зардап шекті, 41 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР президентінің жарлығымен Жаңаөзенде 2012 жылдың 5 қаңтарына дейін төтенше жағдай енгізілді. Өткен бейсенбі күні мемлекет басшысы өз жарлығымен Бауыржан Мұхамеджановты Маңғыстау облысының әкімі қылып тағайындады.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ-ның еншілес компаниясы) - мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды.

Алматы. 26 желтоқсан. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту