ҚМГ БӨ «Өзенмұнайгазда» заманауи бұрғылау компаниясын құру мәселесін пысықтап жатыр

размер шрифта: Aa | Aa
28.12.2011 12:16

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) «Өзенмұнайгазда» заманауи бұрғылау компаниясын құру мәселесін пысықтап жатыр, делінген ҚМГ БӨ ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, ҚМГ БӨ бас директоры Алик Айдарбаев Астанада компанияның орталық аппаратының ұжымымен кездесті. ҚМГ БӨ басшысы ҚР президентінің тапсырмасына сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру мен өндірісте тұрақтылықты сақтау бойынша жұмысқа зейін қою керек.

«Мәселені шешудің бір жолы ретінде «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында заманауи бұрғылау компаниясын құру мәселесі пысықталып жатыр», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ-ның еншілес компаниясы) - мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды.

Алматы. 28 желтоқсан. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту