Ағымдағы жылу беру маусымында еліміздің оңтүстік өңірі түрікмен газымен қамтамасыз етілуде - С.Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
29.12.2011 14:35

Ағымдағы жылу беру маусымында еліміздің оңтүстік өңірі түрікмен газымен қамтамасыз етілуде. Бұл туралы бүгін 11 айдың қорытындысына арналған Үкімет отырысында мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Министр өз сөзінде Өзбекстан газының транзиті төмендегеннен кейін, Түрікменстан газының транзиті айтарлықтай артқанын атап өтті. Бірінші кезекте бұл Қытай бағытында жүзеге асырылуда. Осы орайда ол  Түрікменстан газымен еліміздің оңтүстік өңірі қамтамасыз етіліп отырғандығын жеткізді.

«Ағымдағы жылу беру маусымында 500 млн. текшеметрге дейін түрікмен газын пайдалану жоспарланып отыр. 10 қазаннан бері біз 230 млн. текшеметр газды пайдпаландық», -  деді С. Мыңбаев.

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту