Қазақстан ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салуды ұзартпақ - С.Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
29.12.2011 14:37
Қазақстан ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салуды ұзартпақ. Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында сөйлеген ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев тиісті қаулы жобасын қолдауды сұрады.

Оның айтуынша, Қазақстан мұнай өнімдерінің осы түрлеріне тыйым салуды 2015 жылға дейін үш ірі мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту аяқталғанша ұзартпақ. Оларды жаңғыртуды аяқтау жанар-жағар майларының барлық түрлері бойынша ішкі нарық қажеттіліктерін толық жабатын болады.

Айта кетейік, жыл бойы бензин, керосин, дизель отынының экспортына тыйым салынған болатын. Тек мазут қана экспортталды. Бұл шектеуге қарамастан, жаз кезінде АИ- 92 маркалы бензинімен қамтамасыз етуде кейбір проблемалар туындаған болатын.

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту