ҚМГ БӨ «Карповский Северный» барлау блогын сатып алу жөніндегі мәмілені жапты

размер шрифта: Aa | Aa
29.12.2011 14:38
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ  «ГазМұнайӨнім» ЖШС-нен ҚР Батыс Қазақстан облысындағы «Карповский Северный» учаскесінде мұнай, газ және конденсат барлау келісімшарты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие «Карповский Северный» АҚ-ның 100 пайыз акцияларын сатып алу туралы мәмілені жапқанын хабарлайды.

Мәміле сомасы - 59 млн. АҚШ доллары. 2011 жылдың 18 қазанында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің шешімімен мәміле бекітілген болатын. Реттеуші органдардың барлық тиісті рұқсаты алынды.

«Карповский Северный» блогы Карповский шығыңқы жері мен Погодаево-Остафьевский майысқан тұсындағы тектоникалық элементтер шамасында Каспий маңы ойпатының сыртқы жағалауында орналасқан. Бөлінген геологиялық аумақтың жалпы көлемі 1669,2 шаршы шақырымды құрайды. Блокқа жақын жерде бірнеше кен орындар, оның ішінде Қарашығанақ, Чинаровское, Рожковское, Приграничное, Вишневское, Долинное, Восточно-Долинное, сондай-ақ РФ Орынбор облысының Зайкинско-Росташинская мұнайгаз конденсаты кен орындарының тобы, Тепловско-Токаревская мұнайгаз конденсаты кен орындарының тобы ашылған, мұның өзі шөгінділердің тұзасты кешендері бойынша учаскенің мұнай газ беру перспективасының жоғары екенін көрсетеді.

ҚМГ БӨ жоспарлап отырған көмірсутегі ресурстарының жиынтығы (Р50) 240 млн. баррель мұнай баламасын, оның ішінде газ - 98 млн. баррель мұнай баламасы (17 млрд. текше метр), мұнай және конденсат - 142 млн. баррель мұнай баламасын құрайды.

«Карповский Северный» блогының оңтүстік шекарасы Тепловское-Токаревское кен орындары тобына иелік ететін «Степной Леопард» ЖШС-нің («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) келісімшарттық аумағымен шектеседі. Одан бөлек, «Карповский Северный» блогы 50 пайыз қатысу үлесі ҚМГ БӨ-ге қарайтын «Федоровский» блогына жақын орналасқан.Мұның өзі ҚМГ БӨ активтерінің ағымдағы қоржынында бар кен орындары үшін ортақ газды қайта өңдеу зауытын салу және сатып алу үшін ықтимал нысандарды қосқанда, ортақ инфрақұрылым құру немесе пайдалану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін синергетикалық нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Одан бөлек, «Карповский Северный» блогының оңтүстік шекарасына жақын жерде Орынбор-Батыс Еуропа экспорттық магистралды газ құбыры орналасқан, ал блоктың орталығымен Атырау-Самара экспорттық магистралды мұнай құбыры шектесіп жатыр. Бұл құбыр құбыры инфрақұрылымдарының құрылысына қатысты күрделі шығындарды оңтайландыру жолымен жобаның эконокасының айтарлықтай оңалтуға мүмкіндік береді.

«Карповский Северный» блогы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу біздің стратегиямызға сәйкес келеді. Болашағы зор блоктарда геологиялық барлауды белсенді жүргізу біздің қорлардың артуын қамтамасыз етуге бағытталған. Біз Компанияның одан әрі өсуіне қажетті жағдай жасау үшін көмірсутектеріне бай учаскелерді іздеп тауып, сатып алуды одан әрі жалғастырамыз»,  - деді компанияның бас директоры Алик Айдарбаев.

АСТАНА, 28 желтоқсан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту