Маңғыстау облысында мұнайшылардан жұмысқа қабылдау туралы 1,3 мыңнан аса өтініш қабылданды

размер шрифта: Aa | Aa
05.01.2012 13:50

4 қаңтардағы жағдай бойынша, «Өзенмұнайгаз»мен «Қаражанбасмұнай» компанияларына 1308 адам жұмысқа орналасу туралы өтініш жазған, делінген ҚР үкіметінің сайтында жарияланған Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратында.

«4 қаңтар күнгі сағат 17.00-дегі жағдайға сәйкес, «Қаражанбасмұнай» АҚ мен «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына жұмысқа орналасу туралы 1308 адам өтініш білдірген», - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, «Өзенмұнайгаз» компаниясына 918 адам, «Қаражанбасмұнай» компаниясына 390 адам жұмысқа орналасу туралы өтініш білдірген.

Еске сала кетейік, 16 желтоқсанда Жаңаөзенде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. 17 желтоқсанда Шетпе станциясындағы тәртіпсіздіктерге тосқауыл қойылды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында және Шетпе станциясындағы тәртіпсіздіктер кезінде 17 адам қаза болды.

Бұл оқиғадан бұрын 2011 жылдың көктемінде мұнайшылар жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шыққан. Заңсыз деп танылған ереуілге байланысты оған қатысқандар жұмыстан қуылды.

Мұның алдында Жаңаөзендегі оқиғаларға байланысты құрылған комиссияның мүшесі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бауыржан Нұрымбетов үкіметтік комиссияның басты міндеттерінің бірі Жаңаөзен мен Ақтауда жұмыстан шығарылған адамдарды жұмысқа орналастыру болып табылатынын айтқан. Бұдан басқа, «Өзенмұнайгаз» компаниясының басшылығы жаңа өндірістік құрылымдық бөлімшені құру мәселесін қарастырып жатыр.

Жаңа кәсіпорындар 2012 жылдың 15 қаңтарына дейін құрылады, жұмыстан шығарылған мұнайшылардан жұмысқа қабылдау туралы өтініштерді қабылдау қаңтар айының соңына дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, ҚР президентінің жарлығына сәйкес, Жаңаөзенде төтенше жағдай режимі 31 қаңтарға дейін ұзартылды. 

Астана. 5 қаңтар. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту