Мұнайшылар Атырау облысының шалғайдағы ауданына денешынықтыру-сауықтыру кешенін салды

размер шрифта: Aa | Aa
09.01.2012 12:46
Атырау облысының түкпірде орналасқан Қызылқоға ауданының Миялы ауылында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Мұндай тамаша сыйлықты жаңа жылдың алғашқы күндерінде аудан тұрғындары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниясынан алды. Спорттық кешенде палуандар, боксшылар, самбошылар, дзюдошылар жаттығуларын бастап кетті. Бұл жерде балалармен қатар ересектер де спортпен айналыса алады.

 «Қызылқоға ауданы бізде ең шалғайда жатқан, тұрғындары аз аудан. ФСК жұмыс істей бастаған аудан орталығы - Миялыда небары 6,5 мың адам тұрып жатыр. Бұқаралық спорттың дамуына жәрдемдесіп жүрген компанияның аймағымыздың шалғайда жатқан ауылдарында заманауи спорттық инфрақұрылымды құруға ерекше көңіл аударып отырғаны біз үшін өте маңызды», - деді ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Асқар Әбдіров.

Шалғайдағы ауылдарда денешынықтыру-сауықтыру кешендерін салып жатқан мұнайшылар олардың жабдықталуына қаржы аямауда. Миялыдағы жаңа спорт кешенінде шағын футбол, баскетбол, волейболмен айналысу залдары бар. Жаттығу құрылғылары залы, шешінетін, жуынатын бөлмелер қарастырылған. Бокс және күш жекпе-жектері секцияларының жабдықталуына ерекше назар аударылған. Сондай-ақ 150 көрерменге арналған трибуна орнатылған. 

 «Бұл ҚМГ БӨ компаниясының бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасының аясында аймақта салып жатқан бесінші физкультуралық-сауықтыру кешені болып табылады. Биылғы жылы жаңа спорттық ғимараттар мұнайшылар жұмыс істейтін облыстың басқа аудандарында да пайда болады», - деп хабарлады «Ембімұнайгаз» ӨБ кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұрат Нысанбаев.

Олардың құрылысы Есбол, Алмалы, Жаңақаратон, Ақсай және Атырау ауылдық округтерінде қазірдің өзінде басталып кетті.

АТЫРАУ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту