Павлодар мұнай-химия зауыты отандық шикізатты биыл да өңдемейді

размер шрифта: Aa | Aa
09.01.2012 12:47
 Ағымдағы жылы еліміздің мұнай өңдеу саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі - «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ-сы шикізат өңдеуді 7,5 пайызға арттыратын болады.

 Бірақ оның барлығы ресейлік мұнайдың үлесінде қала бермек.

Зауыттың бас директоры Шухрат Данбайдың айтуынша, биыл кәсіпорын Ресейдің 5 млн. тонна мұнайын өңдеуге даяр. Осыған орай Павлодар мұнай-химия зауыты тиісті құжаттарды да тапсырып қойған. Зауыт директоры атап көрсеткендей, 2012 жылда «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ-сы отандық мұнайды өңдеумен айналыспайды.

Жалпы, аталған кәсіпорын өткен жылы 4,65 млн. тонна мұнайды өңдесе, биыл бұл көрсеткішті 5 млн. тоннаға арттыру арқылы ол өзінің өндірістік қуатын 7,5 пайызға көтеріп отыр.   

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту