ҚМГ БӨ директорлар кеңесінде өзгерістер жоспарланып отыр

размер шрифта: Aa | Aa
09.01.2012 15:26


 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) директорлар кеңесінің құрамында 27 ақпанда өзгертулер жасалады, делінген компанияның ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, ҚМГ БӨ директорлар кеңесі 2012 жылдың 27 ақпанында Астанада акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы шешім қабылдады.

«Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді: компанияның директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, компанияның директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау», - делінген баспасөз хабарламасында.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ-ның еншілес компаниясы) - мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2011 жылы 7%-ға, 12,3 млн тоннаға дейін төмендеді. ҚМГ БӨ дәлелденген және ықтимал қорларының көлемі 2010 жылдың соңында 232,08 млн тоннаны (1,7 млрд баррель) құрады.

Алматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту