Былтыр Қазақстанда мұнай ұрлаудан келген шығын Т27 млн-нан асты - ІІМ

размер шрифта: Aa | Aa
11.01.2012 16:04

Өткен жылы елімізде мұнай ұрлаудан компаниялар мен мемлекетке келтірілген шығын көлемі Т27 млн-нан асты, деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

«Келтірілген материалдық шығын (2011 жылы мұнай ұрлаудан - ҚазТАГ) 27 миллион теңгеден асты», - деді ол сәрсенбі күні брифингте.

Ведомство өкілі жағдайға түсініктеме бере отырып, аса ірі көлемде мұнай ұрлаудың бір фактісі биыл да тіркелгенін айтты.

«Қаңтар айының басында Қызылорда облысында аса ірі көлемде мұнай ұрлауды ұйымдастырды деп күдіктелген топ ұсталды. Атап айтқанда, жеке күзет агенттігінің қызметкерлері «Кеңқияқ-Құмкөл» кен орны мұнай құбырының 580 км-інде 27-56 жас аралығындағы 8 адамның мұнай өнімдерін ұрлау кезінде ұстаған, сол жерде 6 КамАЗ көлігі де ұсталған, оның біреуіне мұнай толтырылған», - деді Н.Ораз.

Министрліктің хабарлауынша, ұсталғандардың бәрі қамауға алынып, оларға қатысты жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтап жатыр.

ІІМ мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылы республикада мұнай ұрлаудың 95 фактісі анықталды, оның 48-і мұнай құбырларына заңсыз қосылуға қатысты.

Астана. 11 қаңтар. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту