Мұнай және газ вице-министрі лауазымына Болат Ақшолақов тағайындалды

размер шрифта: Aa | Aa
13.01.2012 10:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министрі лауазымына Болат Ақшолақов тағайындалды.

Бұндай ақпаратты Мұнай және газ министрлігінің ресми сайты таратты.

Болат Ақшолақов 1971 жылғы 9 сәуірде Гурьев (қазіргі - Атырау қ.) қаласында өмірге келді. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді. «Қазақстан Әлем Банкінде» бас экономист, бағалы қағаздар бөлімінің бастығы, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінде активтерді басқару департаменті директорының орынбасары, «Қазақойл ҰМК» ЖАҚ Теңіз жобасы департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2010 жылдың шілдесінен «PSA» ЖШС бас директоры.

Ал 2011 жылдың 5 қазанынан - 21 желтоқсанына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту