2011 жылы Қазақстанда 80,04 млн. тонна мұнай өндірілді - Мұнай және газ министрлігі

размер шрифта: Aa | Aa
13.01.2012 10:45
Алдын ала деректер бойынша, республиканың мұнай өндіруші компаниялары 2011 жылы  газ конденсатын қоса алғанда 80,04 млн. тонна (100,4  пайыз) мұнай өндірді.

Бұл ақпарат Мұнай және газ министрлігінің ресми сайтында орналастырылды.

Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, мұнай өндірудің негізгі өсімін «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (2010 жылға қарағанда 105,9 пайыз), «Қаражанбасмұнай» АҚ (2010 жылға қарағанда 102,1  пайыз), «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (2010 жылға қарағанда 116,9  пайыз), «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ (2010 жылға қарағанда 101,4  пайыз) компаниялары қамтамасыз еткен. 

2012 жылы 81 млн.тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр. Бұл ретте, Қазақстан үшін ерекше маңызы бар жобалар болып Теңіз және Қарашығанақ жобалары қарастырылады.

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту